Жаңа спорт залындағы алғашқы спартакиада

11 наурыз 2014

«Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясының 150 адам жұмыс істейтін Нұралы кен орнында жаңа спорт залының ашылу салтанаты өтті. Осындай айрықша күннің құрметіне «ҚГМ» БК» ЖШС-і әкімшілігі Нұралы және Ақшабұлақ кен орындарының кеңсе қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырды.
Спартакиадада спорттың үш түрі бойынша ұйымдастырылды: шағын-футбол, волейбол мен арқан тарту. Қорытынды есеп бойынша командалардың әрқайсысы бір ойын бойынша бірінші орынға ие болды.
Спорт залы еңбектің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен өндіріс орнында бос уақытта спорт шараларын өткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін кен орнының еңбек ұжымының мүшелеріне арнайы салынды. Қауіпсіз жаттығуды қамтамасыз ететін тайғанамайтын еден төселген, кең киім шешетін және жуыну бөлмелері, барлық қажетті жабдықтары бар үлкен жайлы спорт залы – нұралылықтардың бұрыннан келе жатқан арманы еді. Енді бұл арман жүзеге асырылды! Қазір өндіріс қызметкерлері спортпен айналысудан ләззат алып қуанышқа бөлене алады.
Спорт залы футбол, волейбол, баскетбол ойындарын ойнауға арналған. Барлық қажетті жабдық пен арнайы белгілердің арқасында онда осы спорт түрлерімен айналысуға болады. Сондай-ақ ғимаратта үстел теннисін, бильярд ойнайтын арнайы жабдықталған залдар мен жаттығу залы бар.
Спорт залында әртүрлі командалық спорт түрлеріне арналған барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Енді Нұралы кен орнында жеке жаттығулар да, корпоративтік жарыстар мен спартакиадалар өткізілетін болады.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС – і басшылығы мен әкімшілігі алғашқы спартакиада өткізген соң 2014 жылдың Наурыз мейрамына орайластырған келесі спорт жарысына қатысушыларды жинайтындығын хабарлады. Ал, кәсіпорын ұжымы олардың қамын ойлағандығы, денсаулықтарын күтугежағдай жасағандығы үшін алғыстарын білдіріп, жаңа ғимараттың күн сайын бос болмайтындығына сөз берді!

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою