Жаңа жыл – баршаға арналған мереке

25 желтоқсан 2019

 

Келе жатқан Жаңа 2020 жылды мерекелеу аясында «Династия» мейрамханасында «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы» тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС осы ауылдың «Байқоңыр» үйі балаларына қамқорлық жасап отырғанына бірнеше жыл болды. Онда әр түрлі мектеп жасындағы сегіз бала тұрады.  Мереке қарсаңында да компания өз қамқорлығындағы балаларды ілтипатсыз қалдырмады. ҚГМ басшылығы атынан балаларды құттықтауға Серіктестіктің Әлеуметтік саясат және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС Жергілікті қызметкерлер кәсіподағы» ҚБ өкілдері келді. Балаларға тәтті сыйлықтар, қысқы кроссовкалар, шаңсорғыш және үтік тапсырылған болатын.

Сонымен қатар компания «Арал балалары» ҚҚ арқылы онкогематологиялық аурулармен ауыратын балалар үшін екі жүз жаңажылдық тәтті сыйлықтарды сатып алуға демеушілік етті, ал «Қазгермұнай» БК ЖШС қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ аз қамтылған отбасының балаларына сыйлықтар әзірлеп, табыс етті.  

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою