№7 Арнайы мектеп-интернатында қайырымдылық шарасы

19 наурыз 2015

  Наурыз мейрамын тойлау барысында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры, Қызылорда қаласы №21 сайлау округінен Қызылорда облыстық Мәслихаттың депутаты ретінде сайланған Кәрім М.С. компанияның қайырымдылық қызметі шеңберінде №7 Арнайы түзету мектеп-интернатында болды. Оқу орнында жалпы 118 бала білім алуда, оның ішінде 2 жетім, 62 бала әлеуметтік сәтсіз отбасыларынан шыққан.
  Компания мен оқу орны арасында бұрыннан жақсы қарым-қатынас орнаған. «Қазгермұнай» БК» ЖШС оқу орнына балаларды апта сайын моншаға және дәрігерлердің қабылдауына алып бару үшін арнайы шағын автобус көлігін сыйға тартқан, интернат тәрбиеленушілері әрбір мерекеде ескерусіз қалмайды, жаңа жылға сыйлықтар алып тұрады, сонымен бірге өткізілетін мерекелік шараларға қатысады.
  «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылығының оқу орнына кезекті келуі Наурыз мейрамын мерекелеумен байланысты болды: мерекелік дастархан жайылып, тәттілер сыйға тартылды.
 Кәрім М.С. мектеп мұғалімдеріне және балаларға арналған сөзінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын үшін және облыстық Мәслихаттың депутаты ретінде жеке басына өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау қоғамдық, қайырымдылық және әлеуметтік қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Оқу орнының директоры Рсалды Қалжанова алғысын білдірді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою