Аталарымыздың ерліктерін есте сақтаймыз

06 мамыр 2014

 Ұлы Отан соғысының 69-шы Жеңіс күнін тойлау аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС қайырымдылық ас берді және «Қарттарым-асыл қазына» атты концерт қойды. Іс-шараға ҰОС жиырма ардагерлері қатысты, олар салтанатты кеште соғыс жылдарындағы өлеңдерді тыңдады, Компания басшылығынан құттықтаулар, дәстүрлі қалампыр гүлдерін, естелік сыйлықтарды және ақшалай сыйақыларды алды. Өкінішке орай, денсаулық жағдайларына байланысты көптеген ардагерлер мерейтойға қатыса алған жоқ. Сондықтан компанияның жас мамандар кеңесі үйде отырған қарттарды құттықтау міндетін өз мойындарына алды. Ардагерлерге өздерінің ықыластарын, құрметін білдіру үшін топтарға бөлінген мамандар қолдарына гүлдер мен сыйлақтарды алып, «Қазақстан Республикасының ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық бөлімшесінен алынған мекенжайлар бойынша жүріп шықты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою