Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Брейн-ринг

29 қараша 2021

28 қарашада Жас мамандар кеңесінің бастамасымен және "Қазгермұнай "БК "ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы" ҚБ қаржылық қолдауымен Ақшабұлақ кен орнында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Брейн-ринг" зияткерлік ойыны өтті. Ойын жалпы ой-өріске, Қазақстан тарихын, кино және музыка әлемін білуге, логикалық тапсырмалар мен блиц-сұрақтарға бес турдан тұрды.

Турнирге сегіз команда қатысты. Қызу зияткерлік шайқастар барысында үш жүлдегер анықталды:

1 орын және 120 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты "Нұрлы жол" командасы (Нұралы және Ақсай кен орындары қызметкерлерінің құрамасы)алды;

2 орынды және 90 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты "Найза" командасы алды (газ айдау және тасымалдау цехының қызметкерлері);

3 орынды және 60 000 теңге ақшалай сыйлықты Ақшабұлақ кен орнының зертханасы мен геология құрама командасы алды.

Жобаның басты мақсаттары: компания қызметкерлерінің логикалық ойлауын, жадын, зейінін және эрудициясын дамыту және жаттықтыру, зияткерлік ойындарды танымал ету, ой-өрісін кеңейту және жаңа білім алу, корпоративтік рухты қалыптастыру және қызметкерлер арасында қарым-қатынас орнату.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою