«Қазгермұнай» БК» ЖШС - Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнирінің демеушілердің бірі болып табылады

01 мамыр 2021

         29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық жасөспірімдер турнирі өтті. Бұл турнир 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұрын ол «Көктем жұлдыздары» деп аталған, бірақ 2019 жылдан бастап Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін турнир болды.

          Жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Атырау, Қостанай, Қызылорда қалаларынан 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. *

          «Қазгермұнай»  БК» ЖШС жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медаль, кубок және құрмет дипломдарын дайындауға ақшалай қаражат бөліп, турнирді өткізуді қолдады. Марапаттау рәсіміне екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша компанияның бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаев қатысты.

          «Қазгермұнай»  БК» ЖШС аталған турнирді 2019 жылы да өткізуді қолдады, сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваға 2015, 2016, 2017 және 2019 жылдардағы ірі, маңызды халықаралық турнирлерге дайындалуға және қатысуға демеушілік көмек көрсетті.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою