«Қазгермұнай» БК» ЖШС – Алтын «Парыз-2012» иегері

20 желтоқсан 2012

Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған басқосуда «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша кезекті алтын «Парыз» «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не тапсырылды. Аталған номинация бойынша өткен сайысқа жүзден аса компаниялар қатысты. Алдыңғы жылдары «Қазгермұнай» БК» ЖШС аталған додаға қатысып, «Парыз» сыйлығының лауреаты атанып, келесі номинациялар бойынша танылды: 2010 жылы – «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» және 2011 жылы – «Үздік ұжымдық келісім-шарт». Компания өнеркәсіп қалдықтары мен шығарындыларды ең аз мөлшерде шығаруға тырысуда. 2006 жылдан бастап ілеспе мұнай газын кәдеге асыру бағдарламасы әзірленді және сәтті аяқталды, ілеспе газдың 500 миллион текше метрін қайта өңдей алатын газды қайта өңдеу қондырғылары салынды. Осыған орай Қызылорда қаласының тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстың негізгі тиімділік көрсеткіші – қоршаған ортаны ластайтын заттардың эмиссия көлемінің өндірілген өнімнің санына қатынасы болып отыр. 2012 жылы бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеген және өндірілген өнімнің 1 тоннасына 0,8 килограмды құрады. Осындай айтарлықтай жетістіктерге жетудің бірден бір еңбегі – еңбекті қорғау және эколгия департаменті қызметкерлерінің еңбегі. Оны Рүстем Усалиев басқарады, орынбасары – Әсия Харуллаева. Департаментте мұнай газ саласында еңбек тәжірибесі мол мамандар қызмет етуде: жетекші инженер-эколог – Аида Баратова, кәсіптегі инженер-экологтар – Найзабек Қойшыбаев және Инесса Рамазанова.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою