«Қазгермұнай» БК» ЖШС қазақстандық тараптан жаңа басшыны тағайындады

18 қазан 2022

18 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Барлау және өндіру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ысқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас кеңсесіне жұмыс сапарымен келді. Оның аясында ұлттық компания тағайындаған «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасарын таныстыру мақсатында Серіктестіктің басшылық құрамымен кездесу өтті. Ол Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы болды.

Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы 1976 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-химия факультетін бітірген. ММХҚИ қосымша білім беру бағдарламасы бойынша «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын «Қазақтүркмұнай» ЖШС компаниясында басқару пультінің операторы ретінде бастаған. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылық қызметтерін атқарған. 2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚМГ» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары лауазымында Ринат Нұрғожаұлы 2021 жылдың қазанынан бастап серіктестікте осы қызметте жұмыс істеген Нұржан Әбдірахмановты ауыстырды.

Құрманғазы Есқазиев ұжым алдында сөйлеген сөзінде Серіктестіктің барлық қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, кәсіпорынның жаңа басшысына жүктелген жауапкершілікті атап өтті. «Қазгермұнай» БК» ЖШС алдымызда мерейтойлық жыл - компанияның құрылғанына 30 жыл ғана емес, 2024 жылдан 2034 жылға дейін өндіру лицензиясын ұзарту, сондай-ақ Серіктестіктің ресурстық базасын ұлғайту жөніндегі жұмысты аяқтау сияқты маңызды жауапты міндет тұр. Қ.О.Есқазиев Қазгермұнай ұжымына Компаниядағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайту мәселелерінде акционер тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты. Кездесу Компанияның өткен тоғыз айдағы өндірістік және қаржы-экономикалық қызметінің қорытындылары туралы таныстырылымды көру арқылы аяқталды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою