«Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры 2020 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді
01 наурыз 2021
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты Басқарманың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуінің баламасы ретінде серіктестіктің 2020 жылғы қызметінің қорытындысын ұсыну үшін Қазгермұнайда бас директор Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаевтың бейне үндеуі ұсынылды. Қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қою үшін компанияда алдын ала ұжымдық пошта, жұмыс ватсап-чаттары, өтініштер мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер арқылы ұжымнан сұрақтар жинау жарияланды.
Үндеу 21-27 ақпан аралығында арнайы бөлінген ТВ-арнада Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарында көрсетілді. Қызылорда қаласындағы бас басқарма мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы өкілдіктердің қызметкерлеріне үндеу 23-26 ақпан аралығында жұмыс уақытында жұмыс компьютерлерінен көруге қол жетімді болды.
Кәсіпорынның бас директоры өз есебін жазатайым оқиғаларды, өндірістік жарақаттануды және кәсіби ауруларды талдаудан бастады. 2020 жылдың 12 ай ішінде компанияда бірде-бір жазатайым оқиға немесе өндірістік жарақат тіркелген жоқ. Алайда, медициналық эвакуациялардың саны 2019 жылмен салыстырғанда қызметкерлердің негізгі ауру түрлері бойынша жалпы төмендеу үрдісіне қарамастан артты. Мұның басты себебі пандемияның алғашқы толқыны кезінде кен орын қызметкерлерінде КВИ белгілерін анықтау болды. Өткен жылы компанияда 62 қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырды. М. Мұстафаевтың презентациясының келесі слайдтарының бірінің тақырыбы компанияда есепті кезеңде жүзеге асырылған COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар болды.
Үндеудің екінші блогында серіктестіктің өндірістік көрсеткіштері, ұйымдастырушылық және геологиялық-техникалық іс-шаралар көрсетілді.
Өткен жылы кәсіпорын тап болған қиындықтарға қарамастан, мұнай өндіру жөніндегі жоспар 1,1% - ға асыра орындалды және 1 555,2 мың тоннаны құрады. Ілеспе газ өндіру бойынша көрсеткіш те жоспардан 1,5% - ға асып, 375,2 млн.м3 белгіге жетті. Тауарлық құрғақ газды тапсыру, СКСГ өндіру, қойнауқаттық қысымды ұстап тұру үшін суды айдау сияқты көрсеткіштер бойынша жоспарлы көрсеткіштердің тиісінше 1,3%, 2,9% және 3,3% - ға артуы тіркелді.
Одан әрі Мұрат Кеңесбайұлы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің қаржылық көрсеткіштерін қозғап, содан кейін қызметкерлерге адами ресурстарды басқару блогы ұсынылды. Ұжымның назарын компаниядағы штат санының кезең-кезеңмен төмендеуіне аударып, бұл динамиканың себебі қызметкерлердің қысқартылуы емес, серіктестікте туындайтын бос орындарды оңтайландыру және қайта қарау болып табылатынын атап өтті. Адами ресурстарды басқару блогында еңбек тәртібі, бос лауазымдарға орналасу, сыйлықақы төлеу, қызметкерлерді оқыту, қызметкерлерді марапаттау сияқты тақырыптар қарастырылды.
Презентацияның келесі бөлімі әлеуметтік блогы болды. Компания жыл бойы Ұжымдық шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындады. Коронавирустық инфекцияның пандемиясына қарамастан, республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтануы кезеңінде серіктестік қызметкерлерінің көпшілігі тегін санаториялық-курорттық емделу құқығын пайдаланды.
Сондай-ақ, компания ұжымына Қазгермұнайдың демеушілік қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Әрине, КВИ таралуына қарсы күресте Қызылорда өңіріне көмек көрсету ең маңызды үлес болды, оған 160 000 000 теңге бөлінді.
Осы қаражатқа Қызылорда облыстық көпсалалы ауруханасында оттегі станциясы орнатылды, ол қазір қаланың бірнеше емдеу мекемелерін оттегімен қамтамасыз етеді, Жаңақорған және Қармақшы аудандық ауруханаларына жылжымалы цифрлық рентген-аппараттар сыйға тартылды, ал Облыстық фтизиопульмонология орталығына COVID-19-ға ПТР-зерттеулер жүргізу үшін реактивтер жиынтығы берілді.
М. Мұстафаевтың есеп беруі компанияның 2021 жылға арналған инвестициялық жоспарларын жариялаумен жалғасты. Ағымдағы жылы жоспарланған мұнай өндіру 1 452.9 мың тоннаны, газ өндіру 316.7 млн.м3 құрайды. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат саласында көптеген іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, 2021 жылы компанияда Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты IV тоқсанда 2022-2024 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартты әзірлеу және қол қою жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болады.
Қазгермұнай ұжымы кәсіпорынның ресурстық базасын толықтыру бойынша жобаларды іске асыру шеңберінде жүргізетін жұмысы туралы толық ақпарат алды. Мұрат Кеңесбайұлы өз есебін ұжымның сұрақтарына жауап беру арқылы аяқтады (оларды жинау туралы жоғарыда айтылған).