«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік іс-шаралар

19 желтоқсан 2022

16 желтоқсанда «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай мердігер ұйымдардың қызметкерлері арасынан құрылған командалардың қатысуымен футболдан турнир өтті. Турнирді аша отырып, Серіктестік басқармасы компания бұл спорт мерекесін барлық қатысушыларға беруге қуанышты екенін атап өтті, өйткені мұндай жарыстарды өткізу, өкінішке орай, коронавирус пандемиясының салдарынан ұзақ уақыт бойы мүмкін болмады.

Ойындар кезінде мерекелік спорттық атмосфера орнады, барлық қатысушылар футбол ойнап қана қоймай, бір-бірімен қуана-қуана араласты, осы мақсатта барлығына буфет ұйымдастырылған болатын.

Нәтижесінде турнир кестесі келесідей болды:

1 орын – "Қазгермұнай-1" командасы

2 орын – «Абзал и К» ТС

3 орын – "Қазгермұнай-2" командасы

Турнирдің барлық жүлдегерлері ақшалай жүлделермен марапатталды.

Сонымен қатар бұл күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жарияланған Қазгермұнай қызметкерлерінің балалары арасындағы сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды. Байқаудың тақырыбы кәсіпорынның жақындап келе жатқан мерейтойы болды. 2023 жылы компания 30 жасқа толады. Бір ай ішінде қызметкерлердің 6-15 жас аралығындағы балалары «Қазгермұнай: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында сурет салды. Үздік он екі жұмысты қазылар алқасының мүшелері корпоративтік күнтізбеге иллюстрациялар ретінде пайдалану үшін іріктеп алды, ал олардың авторлары құрмет дипломдары мен балалар және спорт тауарлары дүкендерінің желісіне номиналы 20 000 теңгеден сертификаттар алды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою