«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де кәсіби мереке атап өтілді

03 қыркүйек 2021

3 қыркүйекте Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де мұнайшылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бас директор Лю Шаою мен бас директордың бірінші орынбасары Мұрат Мұстафаев ұжымға құттықтау сөз сөйледі.

Компания басқармасы серіктестік қызметкерлеріне естелік белгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етіп, өз ұжымы үшін зор мақтаныш сезімін сезінетінін атап өтті, сондай-ақ пандемия жағдайында компания қызметкерлерінің басым бөлігі жиналысқа онлайн форматта қатысуға мәжбүр болғанына өкініш білдірді.

Іс-шара барысында серіктестіктің жиырма сегіз қызметкері марапатталды. Олар ҚР Энергетика министрлігінен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-дан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан, Қызылорда облысының әкімінен және «Қазгермұнай» БК» ЖШС басқармасынан марапаттарға ие болды.

Бұдан басқа, 2020 жылғы ақпанда «Қазгермұнай» БК» ЖШС «Зияткерлік кен орны» жобасымен «Ресей мен Орталық Азиядағы Цифрлық кен орнының алғашқы жобасы» үшін Schlumberger компаниясынан қола жүлдеге ие болды. Кәсіби мереке құрметіне орай Schlumberger компаниясы осы жобаға қатысқаны үшін Қазгермұнайдың он жеті қызметкеріне салтанатты жиналыс кезінде өз марапаттарын табыс етті.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою