"Қазгермұнай" БК" ЖШС компанияның 30 жылдығына орай футболдан турнир өткізді

27 қараша 2023

"Қазгермұнай" БК" ЖШС компанияның 30 жылдығына орай футболдан турнир өткізді

 

25 қарашада "Қазгермұнай" БК " ЖШС құрылғанына 30 жыл толуына орай мердігер ұйымдардың қызметкерлері командаларының қатысуымен футболдан турнир өтті.  Турнирді Серіктестік Басқармасы аша отырып, барлық қатысушыларға орасан еңбектері үшін алғыс ретінде осы спорт мерекесін ұйымдастырғанын атап өтті. ҚГМ әрқашан кәсіпорынның негізгі капиталы адамдар екенін түсінеді. Серіктестік білікті ұжымның арқасында табыстарға қол жеткізді. Бұл ретте, мердігер ұйымдармен сенімді серіктестік байланыстар да маңызды рөл атқарды.

Ойындар кезінде мерекелік спорттық атмосфера орнады, барлық қатысушылар футбол ойнап қана қоймай, бір-бірімен қуана араласты, осы мақсатта барлығына фуршет ұйымдастырылды.

Нәтижесінде турнир кестесі келесідей болды:

1 орын - "Қазгермұнай "БК"ЖШС Ақшабұлақ кен орнының командасы

2 орын - "Абзал және К" ТС командасы (көлік қызметтерін көрсетеді)

3 орын - "Қазгермұнай "БК"ЖШС Нұралы кен орнының командасы

Турнирдің үздік ойыншылары: Ахметов Жалғас – "KMG Security" ЖШС, Қиязов Әділжан – "Қазгермұнай "БК" ЖШС офисінің командасы, Максимов Максим - "Қазгермұнай "БК" ЖШС Нұралы кен орнының командасы, Кеңес Серікбол - "Абзал и К" ТС командасы, Бекенов Асқар – "ҚазГерМұнай" БК" ЖШС Ақшабұлақ кен орнының командасы болып танылды.   

Турнирдің барлық жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою