Қазгермұнай қызметкерлері мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының мерейтойына орай марапатталды

05 желтоқсан 2022

«Қазгермұнай» БК» ЖШС - акционерлері тең үлестерде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ болып табылатын және қазақстандық-қытайлық қатысуы бар компаниялардың қатарына кіретін еншілес-тәуелді кәсіпорын.

Екі мемлекеттің мұнай-газ секторындағы ынтымақтастығы 1997 жылы басталғаны белгілі. Дәл сол кезде қазақстандық нарыққа инвестор ретінде Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (CNPC) келді, ол қазіргі уақытта 38 елде жұмыс істейді және әлемдегі 50 ірі мұнай алыптарының ішінде III орында.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің және мұнай-газ саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығының 25 жылдығына орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де серіктестік қызметкерлері құрметті марапаттармен марапатталды.

«Ерекше үлесі үшін» медалін бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Нұрбол Прмағанбетов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Ян Юэхуа, мұнай және газ өндіру департаментінің директоры Амангелді Досбаев, геология және игеру департаментінің директоры Карл Гиземанн, адам ресурстарын басқару және әкімшілік басқару департаменті директорының орынбасары Алтынхан Ысқақова алды.

«Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ ынтымақтастығына 25 жыл» медалі бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары Мейірімбек Көлдейге, өкілдік басшысының халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Чжао Чжэнхуаға, ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу департаментінің директоры Рысбек Көшербаевқа, қаржы департаментінің директоры, мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары Ерлан Арыстанбаевқа, мұнай және газ өндіру директорының орынбасары Бағдат Байділдаға, мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары Мәжет Құтмамбетовке, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Нұржан Амреевке, корпоративтік хатшы Арсен Балпышевке табысталды.

Сондай-ақ, өткен Энергия үнемдеу күніне орай Қазақстандық энергия аудиторлары қауымдастығының құрмет грамотасымен бас энергетик Еркінбек Болтаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрмет грамотасымен бас энергетика бөлімінің жетекші инженер-энергетигі Ерман Құлбаев марапатталды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою