"Қазгермұнай": жыл қорытындылары және болашаққа сенімді қадам
20 ақпан 2025
"Қазгермұнай" ЖШС-де Басқарманың ұжыммен жылдық есеп беру кездесуі өтті. Жыл қорытындысын шығара отырып, бас директор Зияш Қияқбаев әр қызметкердің компанияның дамуына қосқан үлесін атап өтіп, барлық жетістіктер команданың үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болғанын баса айтты.
2024 жылғы өндірістік көрсеткіштер күтілгеннен асып түсті. Мұнай өндіру 1 042,6 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы деңгейден 10,3 мың тоннаға жоғары. Тауарлық газ өндіру де жақсы нәтиже көрсетті — 274 млн м³.
Маңызды құрылыс және жаңғырту жобалары табысты аяқталды, сондай-ақ еңбек жағдайлары жақсартылды. 10 өндіру және 2 айдау ұңғымасы пайдалануға берілді, 21 ұңғыманың аузы, оның ішінде шығару желілері мен құбыржолдарының құрылысы, энергоресурстарды есепке алу жүйесі жаңғыртылды, өндірістік жабдықтар жөндеуден өткізіліп, жаңартылды, Нұралы кен орнындағы МДҚ және Ақшабұлақ кен орнындағы МДТП-дегі негізгі резервуарлар ауыстырылды, Ақшабұлақ кен орнында модульдік тренажер залы, операторлық бөлмелер салынды, Нұралы кен орнындағы монша-кір жуу кешені жөндеуден өткізілді. Өндіру ұңғымаларының өнімділігін арттыру және пайдалануды жақсарту бойынша жаңа технологиялар белсенді енгізілуде.
Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері "Қазгермұнай"-дың тұрақтылығын растайды. Компанияның 2023 жылмен салыстырғандағы кірістері мұнай бағасының өсуі, экспорт үлесінің ұлғаюы және СМГ өндірісі көлемінің ұлғаюы есебінен 19%-ға өсті.
2024 жыл бойы серіктестік өндірістік көрсеткіштерге ғана мән беріп қоймай, персоналға да көп көңіл бөлді. Компания еңбек ұжымы алдындағы барлық әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерді орындады, қызметкерлерді қолдау үшін төлемдер жүргізді, қиын өмірлік жағдайларда көмек көрсетті, Республика күні, Наурыз, Қазақстанның мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні және басқа да маңызды оқиғаларға сыйақылар берді. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, "Қазгермұнай" 2025-2027 жылдарға қол қойылған жаңа Ұжымдық шартта барлық әлеуметтік кепілдіктерді сақтап қалды.
Сонымен қатар, компания қоғамдық бастамаларға белсенді қатысты: ардагерлерді қолдау, су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы. Басты жетістік — 2024 жылдың 1 қазанында Қызылорданың сол жағалауында заманауи көп функционалды "Оқушылар сарайының" ашылуы болды. Нысанның құрылысына демеушілік қаражатынан 2,4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, ал ҚГМ "2024 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік кәсіпорын" номинациясында "Үздік білім беру жобасы" ретінде атап өтілді.
"Біздің кен орындарымыздың пайдаланудың кеш кезеңіне өткенін, өндірістің төмендейтін шегіне жеткенімізді түсінеміз. Сондықтан компания басшылығы кем дегенде барлық жұмыс орындарын және ұжымға әлеуметтік кепілдіктерді сақтауды өз мақсаты етіп қояды. Осыған байланысты компания қызметінің негізгі бағытын көршілес жер қойнауын пайдаланушылардың газын өңдеуден көреміз. Бұл мәселе бойынша алдын ала келісімдер бар. Тағы бір бағыт – ресурс базасын кеңейту. Мұнда біз де кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Компания даму, тұрақтылық және ұжымға қамқорлық жасау бағытын сақтай отырып, болашаққа сенімді қарайды!" — деп "Қазгермұнай" ұжымына бас директор З. Қияқбаев өз сөзін аяқтай отырып жүгінді.