Бесінші, бірақ алтын.
22 шілде 2014
ТМД елдері мұнай-газ саласындағы компаниялармен серіктестік қатынастарды нығайту мақсатында ЖШС «Қазгермұнай» Біріккен Кәсіпорны энергетика саласындағы кәсіпорындар коммандалары арасында мини-футболдан Ресей Федерациясы энергетика Министрлігінің жүлдесіне өткізілетін турнирге қатысуға жіберген шақыруына келісімін берді.
Мини-футболдан Ресей Федерациясы энергетика Министрлігінің жүлдесіне өткізілетін турнир – Ресей Федерациясының құрамына Қырым түбегі аймағы мен Севастопол қаласын енгізу тарихи оқиғасына арналған.
Турнир 2014 жылдың шілде айының 19 мен 20 аралығында «Лужники» № 2 Олимпиялық комплексінің футбол алаңында өтті.
Турнирге 16 комманда қатысты. Табан тірескен күрестің арқасында ЖШС «Қазгермұнай» Біріккен Кәсіпорнының құрама коммандасы ақтық қорытындымен 5 орынды иеленіп, «FAIR PLAY» кубогі мен грамотасын (адал ойын үшін) алды.
Ресей Федерациясының энергетика Министрлігі ЖШС «Қазгермұнай» БК-ның бас директоры М.С.Кәрімге және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы С.М.Мыңбаевқа комманданың турнирге қатысқаны үшін алғыс хат жолдады.
Мини-футболдан Ресей Федерациясы энергетика Министрлігінің жүлдесіне өткізілетін турнир жыл сайын өткізіледі.