Болашақ жастардың қолында!

09 желтоқсан 2012

1 қарашада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер Сарайында «Қазгермұнай» БК» ЖШС бекіткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары жөніндегі ереже аясында «Болашақ жастардың қолында» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Ауқымды іс-шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ басшылығы мен техникалық факультеттердің студенттері, «Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясының Басқармасы мен мамандары қатысты. Аталған шараны өткізудің мақсаты – Серіктестіктің ертеректе жариялаған мұнай мамандықтарын таңдаған студенттер арасында стипендиаттық бағдарламасын қорытындылау, сонымен қатар оқушыларға өңірдегі мұнай өнеркәсібі туралы таныстыру ақпараттарын ұсыну.

Жиналғандардың алдында «Қазмұнайгер» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Әнуар Мұратұлы Ахметжанов сөз сөйлеп, бұл бастама компанияның атынан болғандықтан Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орайластырылған және бүгінде қажетті өндірістік және өнеркәсіптік жоғары кәсіби мамандарды дайындауға себепші болуды өз алдына мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, өз кезегінде «Қазмұнайгер» БК» ЖШС Бас директоры Юй Чжицин және Бас директордың бірінші орынбасары А.М.Ахметжанов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту жөніндегі саясатын ұстануға тырысып жатқандағын атап өтті. Сондықтан, осындай акциялар Қызылорда өңірінің азаматтары алдында өздерінің әлеуметтік міндеттерін орындағаны деп санайды және өңірлік бизнес құрылымдардың өкілдері арасында әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау болып отыр.

Болашақ мұнайшыларға арналған «дөңгелек үстел» барысында Бас директордың бірінші орынбасары Әнуар Мұратұлы Ахметжановтың, компанияның жетекші геологы Назерке Қасымованың және өндірістік-техникалық бөлімнің жектеші инженері Серік Ажаровтың баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, компанияның жас маманы, «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі, әзірлеу жөніндегі инженері Жандос Жылқайдаров та қатысушылар алдында сөз сөйледі. Салтанатты түрде стипедиаттық бағдарламаның қорытындысы бойынша ең үздік он студентке сертификаттар тапсырылды және 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы қоса берілді. Барлық жастар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің белсенділері мен құрдастары, оқу озаттары болып табылады. Оларды атап айтқанда: Сейітбеков Асланбек, Искендиров Бегалы, Пірмаханов Ерсайын, Татиев Дильшот, Мусаев Нұржан, Жанахметов Әсет, Жұмабеков Мақсат, Сайымбетов Медет, Мақұлов Азат, Ахметов Жандос.

Қорытынды сөзді Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Бисенов сөйледі. Ол осындай бастамаларға себепші болған «Қазмұнайгер» БК» ЖШС кәсіпорнына шексіз алғысын білдіріп, ЖОО басшылығы әрқашанда мұндай бастамаларды қолдайтынын, университет түлектері тұрарлық азамат, еңбек нарығында кәсіби және талапқа сай маман болуына және өз тарапынан барлық мүмкіндіктерді жасайтынын айтты.

Компанияның басшылығына жиналған стипендиат студенттердің ата-аналары да өз ризашылықтарын айтып, және студенттер де алдағы уақытта университетті үздік бітіріп, бар білімдері мен мүмкіндіктерін Қызылорда өңіріндегі мұнай өнеркәсібін дамытуға және нығайтуға күш салатындары туралы берік уәдесін берді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою