Dunga Operating GmbH» қызметкерлері «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де қонақта

07 ақпан 2025

7 ақпанда «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не 60 пайызы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі «Dunga Operating GmbH» компаниясының өкілдері келді.

Бас директор Нұржан Абдрахманов бастаған делегация мұнай кәсіпшіліктеріндегі өндірістік және әлеуметтік нысандармен танысу үшін Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына барды. Кездесу барысында Ақтау қаласының мамандары өздерін қызықтырған техникалық сұрақтарға жауап ала отырып, әртүрлі өндірістік міндеттерді шешудегі инженерлік тәсілмен танысты.

Қонақтардың бір бөлігі серіктестік кеңсесінде болып, оларға «Қазгермұнай» ұжымын әлеуметтік-экономикалық қолдаудың құралдары мен әдістері туралы ақпарат берілді, өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы презентация көрсетілді, мұрағат, электронды құжат айналымы жүйесі, кеңсе асханасы мен кәсіпорын мұражайы көрсетілді.

Жалпы, «Dunga Operating GmbH» қызметкерлері кәсіпорындағы өндірістің, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға үміт білдірді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою