Гүлдер, мойындау және марапаттар: «Қазгермұнай» БК ЖШС-де әйелдерді 8 наурызбен қалай құттықтады

07 наурыз 2025

«Қазгермұнай» БК ЖШС-де Халықаралық әйелдер күні көктемнің, жылулықтың және алғыстың нағыз мерекесіне айналды. Бұл күні әйелдер қауымының өкілдері компания басшылығының шынайы құттықтауларын естіп, гүлдер, сыйлықтар және әрине жағымды эмоциялар алды!

Мерекелік іс-шаралар кеңседе ғана емес, Серіктестіктің жиырма бес қызметкері жұмыс істейтін кен орындарында да өтті. Компанияның Бас директоры Зияш Қияқбаев әйелдерге жылы лебіздерін білдірді: «Сіздер өз істеріңіздің кәсіби мамандары ғана емессіздер, сіздер шабыт, үйлесімділік және жылу көзісіздер. Күн сайын Сіздер әйелдің бәріне қол жеткізе алатынын дәлелдейсіздер: жұмыста табысқа жету, отбасына қамқорлық жасау, достарын қолдау және сонымен бірге нәзік және жігерлі болып қалу. Сіздерге еңбектеріңіз, іске адалдықтарыңыз және кәсібилік пен жан жылуын сыйлағандарың  үшін рахмет. Сіздердің өмірлеріңіз қуанышқа, махаббат пен шабытқа толы болсын.,!» Әріптесін Бас директордың бірінші орынбасары Мин Хайхуэй да қолдады, ол әйелдердің компанияның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Компаниядағы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында екі қызметкер ерекше марапаттарға ие болды: 5-ші санатты зертханашы Ирина Сириченко «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Естелік белгісіне ие болды, ал 3-ші санатты зертханашы Айгерім Сейітова «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың еңбегі, кәсібилігі және іске адалдығы жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, компанияның жеті қызметкері «Қазгермұнай» БК ЖШС Басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталып, ақшалай сыйақы алды. Ұжымдық шартқа сәйкес Серіктестіктің барлық қызметкерлері мерекелік сыйлық алды.

Компанияның әйелдері алғыс сөздерін ғана емес, сонымен қатар жағымды сыйлықтар – гүлдер, кәмпиттер және косметика дүкендері желісіне сыйлық сертификаттарын алды. Сыйлықтар компаниядан да, «Қазгермұнай» БК ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нен де табысталды.

Мереке жарқын атмосферамен, конкурстармен, ерлер қауымының әдемі ханымдар үшін дайындаған музыкалық нөмірлерімен есте қалды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою