Көгалдандыру бүгіннен басталады: «Қазгермұнайдың» экологиялық бастамасы
11 сәуір 2026
Көгалдандыру деңгейін арттыруға және бар өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ағаш отырғызу жөніндегі экологиялық науқан «ҚазМұнайГаз» АҚ бастамасы және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС бұл бастаманы қолдап, оны Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімдігімен және жергілікті орман шаруашылығым — «Сырдария орман және мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-мен бірлесіп іске асыруға кірісті.
2025 жылдың желтоқсан айынан бастап аудан орталығы Тереңөзек ауылының аумағына көшет отырғызу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта әкімдік ауданы 1,7 га жер телімін бөлді.
Отырғызылған көшеттердің жалпы саны – 3 640 бірлік. Отырғызу кезінде жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген тұқымдар: терек, тал, жиде, сондай-ақ жеміс дақылдары отырғызылды.
Жобада жұмыстардың толық кешені: топырақ дайындау, отырғызу, қоршаулар орнату, суару жүйесін ұйымдастыру және көшеттерді ары қарай күтіп-баптау қарастырылды.
Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының тапсырмасына сәйкес бір қызметкер кемінде 5 ағаш отырғызу есебінен іске асырылды. «Қазгермұнай» компаниясы өңірде көгалдандыру бағдарламасын одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыруда.



