Наурыз – жыл басы

20 наурыз 2015

  Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамы мың жылдық тарихта бүкіл Шығыс халқының сүйікті мерекесіне айналған. Бұл мейірімділік, қайырымдылық пен түсіністік күні. Наурыз – көктемгі мереке ғана емес, сонымен қатар, адам баласының өткенін саралап, болашағын жоспарлайтын уақыты.
 Өткен жыл біздің компания үшін жетістікті, маңызды жыл болды. Яғни, «Қазгермұнай» БК» ЖШС болашағы да жарқын болады! Ақсай кен орнын іске қосылуы Қызылорда қаласы тұрғындарын тұрақты көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, «Қазгермұнай» БК» ЖШС жергілікті халық пен атқарушы органдар үшін сенімді әлеуметтік серіктес ретіндегі тұғырын нығайтты.
 Жыл соңында Серіктестік «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» республикалық конкурсының гран-при марапатына ие болып, құрметті жүлдені Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолынан алды.
 Әрбір жеңісімiздің артында мамандарымыздың тынымсыз еңбегі тұр. Қызметкерлеріміздің білімі мен тәжірибесі, өзара көмек, ұжымда жұмыс жасау қабілеті мен ортақ іске адалдықтарының арқасында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда өңіріндегі мұнай саласының көшбасшысына айналды!
 Компания кен орындарының және Бас кеңсесінің қызметкерлеріне арналған Наурыз мерекесі ұйымдастырылды. Іс-шарада жергілікті әртістер мен орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды, мерекелік дастархан жайылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, шығармашылық сайыстар өткізілді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою