Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика: «Қазгермұнайда» ашық диалог

14 қараша 2025

2025 жылы 14 қараша күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесінде ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерімен түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және қаржы-экономикалық қызмет саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасқырбайұлы және АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева қаржы заңнамасының қолданыстағы талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджеттік жоспарлау және сатып алу саласындағы ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жан-жақты талқылады.

Кездесу барысында нақты сектор ұйымдарында жиі кездесетін тәуекелдер мен құқықбұзушылықтар қарастырылып, заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Компания қызметкерлері өз сұрақтарына жауап алып, кездесудің күнделікті жұмыс үшін практикалық пайдасын атап өтті.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою