Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының Мұнай барлау және игеру ғылыми-зерттеу институтының іссапары

21 шілде 2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (China National Petroleum Corporation – CNPC) арасындағы қабаттардың мұнай беруін арттыру бойынша тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес 2025 жылдың «18» шілдесінде CNPC Мұнай барлау және игеру ғылыми-зерттеу институты (Research Institute of Petroleum Exploration and Development Co. Ltd. – RIPED) «Қазгермұнай» БК» ЖШС-іне (ҚГМ) іссапармен жолықты.

Кездесу барысында ҚГМ өкілдері кен орындарын игерудің ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратпен қатар мұнай беруді ұлғайту шараларын іске асыруға әлеуетті аймақтарды бөлек ұсынды. RIPED тарапынан CNPC кен орындарында қолданылатын қабаттардың мұнай өндірісін арттыруға бағытталған озық технологияларды баяндады. Атап айтқанда, су басу тиімділігін арттыру үшін нанополимерлерді айдау және басқа да инновациялық шешімдер сияқты әдістер талқыланды. Сондай-ақ, кездесу барысында RIPED Ақсай және Ақшабұлақ кен орындары бойынша керн үлгілері көрсетілген ҚГМ аумағындағы керн қоймасына барды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚГМ кен орындарында ұсынылған технологияларды қолдану мүмкіндігін одан әрі талдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою