Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де қонақта болды

13 шілде 2022

13 шілдеде Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесіне сапармен келді. Ардагерлер кеңесі патриоттық және адамгершілік тәрбие мәселелерін шешу, саяси тұрақтылықты сақтау, қарттардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиялардың жұмысында ерекше рөл атқарады. Қазгермұнай өзінің ардагерлерін қолдауға және Қызылорда өңірін дамытуға бағытталған серіктестіктің жұмыс тәжірибесімен танысу мақсатында бару нысаны ретінде таңдалды.

2012 жылдан бастап еңбек демалысына шыққан БК қызметкерлерінің күшімен «Ардагер Мұнайшы» қоғамдық қоры құрылды, оның қазіргі таңда 97 мүшесі бар. Олардың барлығы «Қазгермұнай» БК» ЖШС бұрынғы қызметкерлері. Бұл бастаманы компания басшылығы қолдады, міне, он жылға жуық уақыт бойы қор жыл сайын кәсіпорыннан демеушілік көмек алады. 2022 жылы қаржыландыру сомасы 33 миллионнан астам теңгені құрады. Осы қаражат аясында қор мүшелері тұрақты медициналық тексеруден өту, санаторий-курорттық мекемелерге жолдама алу, сондай-ақ атаулы және мерейтойлық даталар, кәсіби және мемлекеттік мерекелер құрметіне сыйлықтар беру мүмкіндігіне ие болды. Ардагерлер мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде де тыс қалмайды.

Осы он жыл ішінде қордың ауысымсыз басшысы - Қазгермұнайдың әлеуметтік даму бөлімінің бұрынғы бастығы Разия Қалжанова. Кәсіпорын басшылығымен кездесу барысында ол компания осы жылдар бойы қорға және оның мүшелеріне үздіксіз қаржылай көмек көрсетіп келе жатқанын, зейнеткерлерінің өміріне белсене араласқанын айтып, Қазгермұнайдың ардагерлермен жұмыс істеу бойынша өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғысын білдірді. Алғысқа Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Күләй Ермағамбетова та қосылып, өңірдегі ешбір компанияда ардагерлерді қолдау мен тартудың жоғары деңгейін кездестірмегенін атап өтті.

Кездесу барысында қонақтарға компанияның мұражайы, ардагерлер аллеясы, Қазгермұнай кеңсесінің аумағында орналасқан мұнайшы ескерткіші көрсетіліп, серіктестіктің әлеуметтік қызметі бойынша таныстырылым ұсынылды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою