Қызылорда облысының әкімі Н.М.Налибаевтің «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымымен кездесуі
15 маусым 2022
2022 жылғы 14 маусымда «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Қызылорда облысы әкімінің Ақшабұлақ кен орнында «Қазгермұнай» ЖШС ұжымымен кездесуі болып, Қызылорда облысының әкімдігі атынан облыс әкімі Налибаев Н.М., «Қазгермұнай» БК» ЖШС атынан оның бас директоры Лю Шаою және бас директордың бірінші орынбасары Абдирахманов Н.Б. және «Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан төраға Налибаев М.Ы. арасында еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайын және өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек ахуалы мен өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және персоналды жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Меморандум тең құқықтық, әлеуметтік әріптестік, өзара сенім мен құрмет қағидаттарына сүйене отырып жасалды.
Меморандумға қол қойған Тараптардың әрқайсысы,
өз өкілеттігі шегінде өз жауапкершілігін мойындайды және туындаған проблемаларды өзара келісім және жасалған уағдаластықтар қағидаттарында шешуде ынтымақтасуға ниеттенеді.