Қызылорда облысының жастары арасында "Қазгермұнай "БК" ЖШС қаржылай қолдауымен "БҰҰ Моделі" атты алғашқы конференция өтті
08 маусым 2023
Қызылорда облысының жастары арасында "Қазгермұнай "БК" ЖШС қаржылай қолдауымен "БҰҰ Моделі" атты алғашқы конференция өтті
Конференция тарихы 1946 жылдан бастау алады. Бұл конференцияда қатысушылар БҰҰ мүшесі болып саналатын әрбір елдің делегатының рөлін атқарады. Әлемдегі өзекті мәселелерді талқылап, шешім ұсынады.
Бұл модель жастар арасында сыни ойлау қабілетін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға және сөйлеу мәнері мен саяси сауатты болуға үйретеді.
Қызылорда облысында алғаш рет өткен бұл конференцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және “Болашақ” колледжінің студенттері, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткер мектебі, “Мансап” мектебі, Абай атындағы үш тілді оқытатын мектеп-лицейі, #268, 212, 210 мектептерінің оқушылары қатысты.
Конференция ашылуына Қазақстанның Алматыдағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвидж ханым қатысып, алғы сөзінде шараның маңыздылығын және көтеріп жатқан тақырыптың өзектілігін айтып, жастарға ыстық лебізін білдірді.
Конференцияға жалпы 40 делегат қатысып, “Босқындардың елдерге экономикалық әсері” деген тақырыпта резолюциялар ұсынды.
Нәтижесінде, қатысушы жастарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Ұйымдастырушы, “Korgau” human rights foundation” қоғамдық қорының төрағасы Талғат Меңдібай: “Бұл шараны ұйымдастыруға бізде 14 жыл уақытымыз кетті. Түрткі болған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, “Fulbright” бағдарламасының стипендианты Кэлси Дабровски. Қаржылық қолдау көрсетіп, әрдайым тың жаңа бастамалардың демеушісі болған “ҚазГерМұнай” біріккен кәсіпорны ЖШС-нің басшылығына алғыс білдіреміз. Қазгермұнай жас мамандар кеңесімен ынтымақтастықтың 2 жылында біз бірнеше зияткерлік конкурстар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, қайырымдылық акциялар өткіздік. Осы шара ға да кеңестің мүшелері келіп, жастармен тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін беріп кетті».