Қызылордада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында Спаратакиада аясында іріктеу ойындары өтті

04 шілде 2022

1-2 шілде аралығында Қызылордада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасының 8 тобының іріктеу жарыстары өтті. Мұнайшылар арасында спорттық жарыстар өткізу дәстүрі 2011 жылы қаланды. Алайда, 2020-2021 жылдары оны жүргізу коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты мүмкін болмады. Биыл спартакиада Ұлттық компанияның 20 жылдығына арналған. Жарысқа «ҚазМұнайГаз» еншілес және тәуелді ұйымдарының өкілдері қатысуда. Іріктеу жарыстары ЕТҰ топтары бойынша өткізіледі, соңғы кезең ҚМГ деңгейінде тамызда Атырау қаласында өтеді.

8 топқа «Қазгермұнай» БК» ЖШС және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС кірді. Павлодардан келген қонақтар Қызылордаға шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел және үлкен теннис, жүзу, жеңіл атлетика, шахмат және тоғыз-құмалақ сияқты спорт түрлері бойынша бәсекелесуге келді. Жарыс «Мұз айдыны», «Еуразия», «Нұрсат» спорт кешендері мен Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС спортшылары футбол, теннис, үстел теннисі, шахмат (ерлер), тоғыз құмалақ (ерлер мен әйелдер), жүзу (ерлер) бойынша жеңіске жетіп, спартакиаданың финалына жолдама ұтып алды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою