Қызылордада «Геология және жер қойнауын пайдалану: тәжірибе, міндеттер, болашақ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
11 сәуір 2025
«Бастау» БО конференц-залында Геолог күніне орайластырылған «Геология және жер қойнауын пайдалану: тәжірибе, міндеттер, болашақ» ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараны «Оңтүстік қазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің Қызылорда өңірлік инспекциясының қатысуымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұйымдастырды.
Іс-шара мұнай-газ және уран салаларының жетекші мамандарын, бейінді мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдерін жинады. Конференцияның құрметті қонақтары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өкілдері, Қызылорда облысының ардагер-геологтары болды.
Конференцияны ашып, модератор ретінде Қызылорда өңірлік геология инспекциясының басшысы Еркін Асқар сөз сөйледі, сондай-ақ қатысушыларға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Зебешов Ардақ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры Қияқбаев Зияш құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде белсенді геологиялық барлау іздестірудің, барлаудың инновациялық әдістерін енгізудің және өңірдің ресурстық базасын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Пленарлық бөлім барысында Оңтүстік-Торғай шөгінді бассейні мен Сырдария уран кен орындарын игерудің болашағынан бастап сейсмикалық барлау мен жер асты суларын пайдаланудың заманауи технологияларына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтитын баяндамалар айтылды. Сөз сөйлеушілердің арасында «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» АҚ, «Волковгеология» АҚ, «Қызылордагеология» АҚ, «КИНГ» АҚ және «Балауса» ЖШС өкілдері болды.
Қатысушылар саланың алдында тұрған міндеттерді талқылап, тәжірибе алмасып, өңірдегі геологияны одан әрі дамыту жолдарын ұсынды. Конференция сертификаттар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде тапсырумен, сонымен қатар Қызылорда облысындағы геологиялық саланың келешегі қорытынды пікірталаспен аяқталды.
Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіби қоғамдастықтың жаңа сын-қатерлер жағдайында күш-жігерді шоғырландыруға және ресурстық базаны әртараптандыру қажеттілігіне деген ұмтылысын көрсетеді. Конференция тәжірибелік шешімдерді әзірлеу және геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.