Қызылордада мұнай тақырыбына ақындар айтысы ұйымдастырылды
10 қазан 2013
Нартай Бекежанов атындағы Облыстық Қазақ музыкалық-драмалық театрында 10 қазан күні мұнай тақырыбындағы айқындар айтысы бірінші рет өткізілді, бас демеуші болып «Қазгермұнай» БК» ЖШС аталды. Айтысқа қатысқандар: Айнур Турсынбаева, Сара Тоқтамысова, Бекарыс Шойбеков, Серікзат Дуйсенгазин, Нурмат Мансуров, Ержеңіс Абдиев, Абилхаир Сыздыков, Асем Ережеқызы, Еренғаип Кузембаев, Дидар Камиев, Айтбай Жумагулов. Айтыскерлердің мұнай тақырыбындағы білімдерін кеңейту мақсатында 8 қазан күні Ақшабұлық кен орнына іссапар ұйымдастырылды. Айтыстың төрешілері: актёр, театр және кино режиссёрі, сценарист, педагог – Асаналі Әшімов, танымал орындаушы Елена Абдықалықова, «Айқын» газетінің баст редакторы Нұртөре Жүсіп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманов.
Айтыстың көрермендері болып «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері, еңбек ардагерлері, қаланың тұрғындары және қонақтары шақырылды. Айтыстың жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталды:
1орын -2 млн. теңге
2орын- 2 адам – 1 млн. теңгеден
3 орын 3 адам – 500 000 теңгеден
Айтыстың соңына облыстың әкімі Крымбек Елеуович Кушербаев қатысты.