Қызылордада «Үздік маман» байқауы басталды

03 қазан 2022

3 қазанда Қызылорда қаласындағы «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас кеңсесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында «Үздік маман» байқауы басталды.

Қызылордаға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мұнай-газ саласының 17 жетекші кәсіпорындарынан 120 қатысушы жиналды. Осы байқаудың мақсаты өнеркәсіп қызметкерлерінің еңбегін ынталандыруды арттыру, озық жұмыс тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, жұмысшылардың кәсіби деңгейін және теориялық дайындығын арттыру, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, сондай-ақ озық еңбек әдістері мен тәсілдерін, өндіріс тиімділігін енгізу және мұнай-газ саласында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру болып табылады.

Байқау келесі мамандықтар бойынша жүргізілуде: мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, тауар операторы, қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор, технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, электргаз дәнекерлеуші, электромонтер, химиялық талдау лаборанты, технологиялық қондырғылар операторы, компрессорлық қондырғылар машинисі, ҰКЖ бригадасы, ҰЖАЖ бригадасы

Байқаудың ашылу салтанатынан кейін оның бірінші кезеңі - теориялық білім тексерілді. Байқаудың бірінші кезеңін өткізу әдісі - компьютерлік тестілеу.

4 және 5 қазанда байқауға қатысушыларды екінші кезең – «Ақшабұлақ» және «Нұралы» кен орындарында өтетін практикалық тапсырмалардың орындалуы күтеді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою