«Үздік маман – 2025» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы

10 шілде 2025

Қазақстанда 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялануына орай, «СП Казгермунай» ЖШС өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру мақсатында дәстүрлі «Үздік маман – 2025» ішкі байқауын өткізді.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

Теориялық білімді тексеру – 8 шілдеде кеңседе және Ақшабұлақ, Нұралы кен орындарында өткізілді;
Практикалық тапсырмаларды орындау – 9 шілдеде Ақшабұлақ кен орнында өтті.
Байқау 15 мамандықты қамтыды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша келесі қызметкерлер өз салаларында үздік деп танылды:

Лаборант химиялық талдау: Ахмар Жадыра Абдимуталипқызы

Компрессорлық қондырғылардың машинисі: Майдабеков Бекберген Ойлиевич

Насостық қондырғылар машинисі: Шаманаев Талғат Мақсотұлы

Мұнай өндіру операторы: Кемалов Ұзак Жадырасынұлы

Ұңғымаларды зерттеу операторы: Прмаханов Ерсайын Серғазыұлы

Механикаландырылған қор операторы: Кыпшаков Нұрсұлтан Шынбергенұлы

Қабат қысымын ұстап тұру операторы: Багланов Мұрат Бахытжанұлы

Ұңғымаларды химиялық өңдеу операторы: Муратов Рысбек Казнабекович

Технологиялық қондырғылар операторы: Асилов Рустам Талгатович

Мұнайды дайындау операторы: Нұрадинов Бақытжан Бексұлтанұлы

КИПиА слесары: Тилегенов Нұрбол Нурланович

Технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесары: Асанханов Ғалымжан Онталапович

Токарь: Жаппасбаев Дәулетбай Сейітімович

Электрогазбен дәнекерлеуші: Утарбаев Рахымжан Муратович

Электромонтер: Жүсіпов Ержан Қуанышбекович

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай өткізіледі.

 

«Үздік маман» байқауы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбекке деген ынтасын нығайтуға және корпоративтік рухты көтеруге септігін тигізеді. Компания барлық қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды!

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою