Жақып Марабаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС» «Зияткерлік кен орнына» оң баға берді
29 қазан 2021
Қазан айының соңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Барлау және өндіру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Марабаев Жақып Нәсібқалиұлы «Казгермұнай» БК» ЖШС-не жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында Ж.Марабаевқа «Зияткерлік кен орны» жобасын іске асыру аясында жұмыс істейтін өндірісті талдау және жоспарлау орталығы көрсетілді.
Орталық қызметкерлері жобаның жол картасын көрсетіп, оны дамытудың негізгі кезеңдерін көрсетті. Жоба идеясы 2012 жылы пайда болған еді. Сол кезде ұңғымаларды механикаландырылған тәсілге жаппай ауыстырғаннан кейін серіктестікте жабдықты пайдалану, ұңғымалар жұмысының алынатын параметрлерінің сапасы және дебитті өлшеу проблемалары басталды. Компания алдына мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын біртіндеп жүз пайыз автоматтандыру, нақты уақыт режимінде өңдеу үшін телеметрия жүйесінің көмегімен деректерді жинау және жеткізу, сондай-ақ негізгі көрсеткіштердің мониторингі негізінде кен орындарын игеруге бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйелер мен қауіпсіздік жүйелерінің кешендерін орнату міндетін қойды.
Сол уақыттан бастап «Зияткерлік кен орны» өз жұмысын бастауы үшін қажетті көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орындарындағы барлық өндіруші ұңғымалар қоры телемеханикаландырылып, технологиялық нысандарды бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйелері енгізілді, екі негізгі ахуалдық басқару орталығы пайдалануға берілді: кен орнындағы жедел басқару, Қызылордадағы кеңседегі өндірісті талдау және жоспарлау орталығы.
2019 жылы «Зияткерлік кен орны» жобасы техникалық сараптаманың, командалық жұмыстың, инновациялар мен бизнеске арналған құндылықтардың ерекше деңгейі үшін оң бағаға ие болды. Нәтижесі ретінде «бұл жоба Schlumberger компаниясының ішінде әлемнің үздік жобаларын анықтау үшін өткізілетін байқаудың 600 қатысушысы арасында» Ресей мен Орталық Азиядағы сандық кен орнының бірінші жобасы» ретінде қола жүлдеге ие болды.
ҚГМ қызметкерлері Басқарма төрағасының орынбасарына жобаның кейбір құралдарын көрсетіп, оларды қолдану компанияға беретін мүмкіндіктерді белгілеп берді. Бұл мұнай шығындарын қысқарту, нақты уақыт режимінде ұңғымалар мен өндірістік объектілердің жұмысына мониторинг жүргізу, олардың берілген технологиялық режимнен ауытқуына жедел ден қою, кен орындарын игеру бойынша сапалы талдау жүргізу, тоқтап қалудан болатын шығындарды талдау және т.б. Сондай-ақ сандық деректерді жинауға, өңдеуге мүмкіндік беретін кәсіпшілік деректер базасы, бұрғылау процесіне қашықтықтан мониторинг жүргізу жүйесі, нақты уақыт режимінде ұңғыма құрылысы туралы шынайы ақпарат алуға және осы процесте туындайтын мәселелерді шешу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін шешім қабылдауды визуализациялау мен қолдаудың енгізілген жүйесі көрсетілді. Осының барлығы жұмыс процестерін автоматтандыруға және адам факторының болуын барынша азайтуға мүмкіндік берді.
«Қазгермұнай» өндірісін автоматтандыру департаментінің директоры Виктор Онохов компанияның жобаны одан әрі дамыту бойынша жұмысты белсенді жалғастырып жатқанын айтты. 2020 жыл ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс тобымен бірлесіп, оларды одан әрі «Зияткерлік кен орны» жобасына қосу үшін әлеуетті бизнес-бастамалардың тізбесі әзірленген. Бұл бастамалардың басым бөлігі «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС әзірлейтін «ABAI ақпараттық жүйесі» жобасы аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де енгізілуде. Атап айтқанда, серіктестік ABAI ақпараттық жүйесінің бірнеше модуліне қызығушылық танытты: олар «ABAI дерекқоры», «Технологиялық режим», «Ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеудің цифрлық мониторингі», «Картопқұрылысшы», «Су айдауды басқару».
Компания атқарған жұмыстар мен алынған нәтижелерді Ж. Марабаев оң бағалады, ол Қазгермұнай қызметкерлерін жинақталған тәжірибені басқа да еншілес-тәуелді ұйымдардың әріптестеріне беруге белсенді қатысуға шақырды.