Абдирахманов Нұржан Базарбайұлы

Әбдірахманов Нұржан Базарбайұлы 1980 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген. 2002 жылы АҚШ –тың  Оклахома штатындағы  Тулса қаласындағы  Тулса университетін инженер-мұнайшы мамандығы бойынша үздік дипломмен (Magma Cum Laude) бітірді.

2014 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта Іскерлік әкімшілік шебері біліктілігі бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Президенті  жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (РАНХиГС) университетінде оқып,  "Іскерлік әкімшілік шебері" біліктілігін алды.

Университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын 2002 жылы "Қаражанбасмұнай" АҚ-да бастады, мұнай және газ өндіру операторы, инженер-технолог, геологиялық бөлімнің өндіру жөніндегі инженері, геологиялық бөлімнің аға және өндіру жөніндегі жетекші инженері болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары Қаражанбас кен орнындағы  мұнай өндіру басқармасының бастығы.

2008 жылдан 2012 жылға дейін Қаражанбас кен орнындағы өндірістік басқарма директорының орынбасары.

2012 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы қараша аралығында "Қазгермұнай "БК" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2017 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін "Қаражанбасмұнай"АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың қазан айына дейін "Өзенмұнайгаз"АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою