Абитов Кахимжан Рашитович – Ақшабұлақ кен орнының газ және мұнай құбырларына қызмет көрсету учаскесінің шебері.
2022 жылдың 4 қыркүйегінде «Ақшабұлақ» кен орнының газ және мұнай құбырларына техникалық қызмет көрсету учаскесінің шебері Абитов Кахимжан Рашитович зейнеткерлік демалысқа шығарылды. Абитов К.Р. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 22 жыл жұмыс істеді, жалпы еңбек өтілі 38 жыл.
Кахимжан Рашитович Қызылорда кәсіптік-техникалық училищесін, кейін Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтын бітіріп, кран машинисі, инженер-механик мамандықтарына ие болды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2000 жылы қойма меңгерушісінің көмекшісі болып жұмыс істей бастады. Одан кейін 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы мұнай-газ өндіру операторы қызметіне ауыстырылды, кейіннен газ және мұнай құбырларына техникалық қызмет көрсету учаскесінің шебері қызметіне дейін көтерілді. 2018-2019 жылдары жұмысшы мамандықтары арасындағы «Үздік маман» атты кәсіби шеберлік байқауында үздік токарь атанды. Қазақстан мұнай және газ саласы қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешінің дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.