Байкенжеев Жарылқасын Әлібекұлы- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженері, Нұралы кен орны

2022 жылдың 31 қазанда Нұралы кен орнында Байкенжеев Жарылқасын Әлібекұлы- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженері еңбек демалысына шықты. Жарылқасын Әлібекұлының жалпы жұмыс өтілі 46 жылды құрайды оның 19 жылын "Қазгермұнай "БК" ЖШС-де жұмыс істеді.

Жарылқасын Әлібекұлы еңбек жолын 1976 жылы Қызылорда су торабы басқармасында МК-1 арнасының реттеушісі болып бастаған. 1993 жылы 1 санатты қозғалыс қауіпсіздігі инженері болып жұмысқа кірісті. 2003 жылы "Қазгермұнай" БК " ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып жұмысқа орналасты.

Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай ҚР Энергетика министрлігінің "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" болып марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою