Баймаханов Қайырғали Елеусізұлы – қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер, Ақшабұлақ кен орны

2024 жылдың 20 мамырында қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер Қайырғали Елеусізұлы Баймахановты зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық.  Баймаханов Қайырғали «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 20 жылдай жұмыс істеген, оның жалпы жұмыс өтілі 41 жылды құрайды.

1983 жылы Қайырғали Елеусізұлы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «Жылу-газбен жабдықтау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын сол жылы «Қазсантехмонтаж» трестінің Сырдария монтаждау ҚЖМК өндірістік - техникалық бөлімінің инженері болып бастаған.  Одан кейінгі жылдары ҚЖМК-413 Механикалық монтаж басқармасында, «Теплокомунэнерго» ӨБ, «Қызылорда-Жылу» Консорцум ЖЭО АҚ, «Досжапал» ЖШС энергетикалық өткізу компаниясында бас инженер, директордың орынбасары, өндіріс жөніндегі вице-президент лауазымдарында жұмыс істеген. 2000 жылдан 2004 жылға дейін Жусалы кентінде мұнай терминалын салу жобасының ЕҚ және ТҚ инженері, содан кейін Жусалы мұнай құбырында Арысқұм МДҚ жобасының техникалық қадағалау инженері болып жұмыс істеді.

«Қазгермұнай» БК»  ЖШС-де 2004 жылы ЕҚ және ТҚ инженері болып жұмысқа кірісті. 2012-2013 жылдары Нұралы кен орнының вахталық кентінің басшысы болды. 2013-2016 жылдар аралығында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженер, АҚ және ТЖ жөніндегі маман болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қозғалыс қауіпсіздігі инженері қызметін атқарған.

Компанияда жұмыс істеген жылдары 2019 жылы Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2023 жылы компанияның 30 жылдығына орай «KAZENERGY» қауымдастығының Алғыс хатымен марапатталған.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою