Гиземанн Карл - Геология және игеру департаментінің директоры

Гиземанн Карл - Геология және игеру департаментінің директоры

2023 жылы 20 маусымда геология және игеру департаментінің директоры Гиземанн Карл құрметті демалысқа шықты. Гиземанн Карл «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 22 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 39 жылды құрады.

Гиземанн Карл 1984 жылы Ленинград тау-кен институтын тау-кен инженер-геологі мамандығы бойынша бітірді. Гиземанн Карл өзінің еңбек жолын ГДР-дағы Орталық Геологиялық Институтта ғылыми қызметкер-геолог болып бастады, ол жерден Польша және КСРО-мен бірлескен «Петробалтик» жобасына жұмысқа жіберілді.

1997-2006 жылдары неміс тарапынан «Қазгермұнай» БК» ЖШС геология бөлімін басқарды, 2006-2008 жылдары қазақстандық тараптың атынан осы лауазымды атқарды. Содан кейін компаниядан кетті. Қазгермұнайға 2012 жылы геология және игеру жөніндегі кеңесші болып оралды, ал 2014 жылдан бастап геология және игеру департаментін басқарды.

ҚР «Жер қойнауын барлау үздігі» белгісінің иегері. «Қазгермұнай» БК» ЖШС (2016 ж.), «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ (2017 ж.), «ПетроҚазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ (2018 ж.) құрмет грамоталарымен марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою