Нагызбеков Болат Шахаевич – ғимараттарды кешенді қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы
2025 жылғы 16 сәуірде ғимараттарды кешенді қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы Нагызбеков Болат Шахаевичті еңбек сіңірген демалысына шығарып салдық. Б. Ш. Нағызбеков «Қазгермұнай» БК» ЖШС 13 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 41 жылды құрады.
Болат Шахаевич политехникалық техникумды бітіріп, «Механик» мамандығын алды.
Еңбек жолын 1984 жылы М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесінде жүргізуші болып бастаған. «Қазгермұнай» БК» ЖШС 2013 жылы жүргізуші болып қабылданды.