Сүлейменов Саин Камалұлы - Ақшабұлақ кен орнының ғимараттарына кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы

Сүлейменов Саин Камалұлы - Ақшабұлақ кен орнының ғимараттарына кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы

2023 жылы 6 қарашада Ақшабұлақ кен орнының ғимараттарына кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы Саин Камалұлы зейнетке шықты. Саин Камалұлы "Қазгермұнай "БК" ЖШС-де 23 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 42 жылды құрады.

Саин Камалұлы еңбек жолын 1981 жылы МЖМБ -19-да құбыр салушы-слесарь болып бастады. Бұдан әрі сүт комбинатының жүргізуші-экспедиторы,  ТЭО-6-да слесарь, 1996-2009 жылдар аралығында "Қазгермұнай "БК" ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2013 жылға дейін "Абзал және К" ТС жүргізушісі болды. 2013 жылы ҚГМ-ге оралды.

Компанияның 25 жылдығына орай 2018 жылы "Қазгермұнай "БК" ЖШС Құрмет грамотасымен марапатталды.

Басқарма блогы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы
Бас директор (Басқарма төрағасы)
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі)

Сауал қою