Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы

Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы 1976 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. 1998 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-химия факультетін бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алды. Мәскеу қаласындағы ММХҚИ қосымша білім беру бағдарламасы бойынша «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» іскерлік әкімшілендіру шебері дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақтүркмұнай» ЖШС компаниясында басқару пультінің операторы ретінде бастап, мұнайды өндіру жөніндегі шебер, инженер, Үкіметпен байланыс және жиынтық-техникалық талдау бөлімі бастығының орынбасары, өндірісті дамыту жөніндегі бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 2016-2017 жылдар аралығында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ал 2017-2020 жылдар аралығында бас директоры болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы атқаратын қызметі – «ҚМГ» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешен қосқан үлесі» медалімен марапатталған.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою