2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша басқарманың еңбек ұжымымен есептік кездесуі

07 тамыз 2025

Ақшабұлақ кен орнында 2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Басқарманың еңбек ұжымымен есептік кездесуі өтті. Жұмысшылар вахтааралық демалыста және АУП желіде қосылды.

Негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • мұнай өндіру – 456,6 мың т (жоспардан 3,2 мың т артық)
  • газ өндіру – 137,7 млн м3

Еңбек ұжымына жолдауында бас директор Қияқбаев З.Қ. есепті кезеңде ҚГМ жеке персоналы арасында жазатайым оқиғалар мен Өмірлік маңызды ережелерді бұзушылықтар тіркелмегеніне қарамастан, бірінші кезекте еңбекті қорғауға назар аударды. Бұл ретте, мердігерлік ұйымдардың бұзушылық фактілерін атап өтті, бұл болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін себептерге талдау жүргізуді және қатаң бақылауды талап етеді.

Өндірістік қызметте есепті кезеңде 3 ұңғыма пайдалануға берілді, 9 ұңғыма жабдықталды; Ақшабұлақ ГУ-1 – АГЗУ-6 – ЦППН шыны талшықты құбырының құрылысы аяқталды; пайдалануға берілді: Құмкөл к/о тауарлық мұнайды жылыту және тасымалдау станциясындағы қазандық қондырғысы, Нұралы к/о БКНС-та «General Electric» («Baker Hughes») 3-ші айдау сорғысы, Ақшабұлақ к/о ЦППН-да «ОЗНА-Массомер» АГЗУ, Ақшабұлақ к/о коммерциялық газды есепке алу торабы. Электрондық наряд-рұқсат беру және мобильді шолушы сияқты операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу жалғасуда.

Қаржы-экономикалық қызмет ағымдағы жылдың 6 айында да нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл ретте, мұнай өндіру көлемінің құлдырауы аясында шығындарды, атап айтқанда, өндірістік емес шығындарды жаппай оңтайландыру бойынша жұмыс белсенді түрде жалғасуда.

Компания тоқсандық және мерекелік сыйлықақыларды, ұжымдық шарт бойынша төлемдерді қоса алғанда персонал алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындап келеді; бұдан басқа, мұқтаж қызметкерлерге ауыр жағдайларда көмек көрсетілді. Ұжымдық шартқа сәйкес толықтай компания қаражаты есебінен қызметкерлерді санаторлық сауықтыру және жазғы лагерьлерде балалардың демалысы қамтамасыз етілді.

Жарты жыл ішінде еңбек ұжымы бірқатар әлеуметтік маңызды іс-шараларды жүзеге асырды: «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны, Наурызнама онкүндігі, Геолог күніне өңірлік конференция.

Кездесу соңында қызметкерлерге 2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ әдістемесімен жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері ұсынылды. Жиынтық жалпы индекс 74% құрады, бұл 2024 жылғы 6 және 12 айдың индекстерінен тиісінше 2 және 4 пайыздық тармаққа жоғары.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою