Абай мәңгі жанымызда

10 қыркүйек 2021

 «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсе бөлімі компания ұжымына Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне ерекше сыйлық дайындады. Бөлім басшысы Салтанат Тоқмырзаеваның бастамасымен Ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбайұлына арналған әдеби кештің түсірілімі ұйымдастырылды. Түсірілген бейне ішкі байланыс арналары арқылы жіберілді және Қазгермұнайдың барлық қызметкерлеріне көруге қол жетімді.

Өкінішке орай, міне, екінші жыл, пандемиямен байланысты үлкен қиындықтарды бастан өткеріп жатырмыз. Бірақ адамдар әлі де жанға жақындық пен сұлулықты қалайды, күнделікті мәселелер мен монотонды өмірден алшақтағысы келеді! Сондықтан мен өз әріптестеріме Абай поэзиясының әлеміне енуді ұсындым, біз осындай шағын Абай оқуларын дайындадық. Абай Құнанбайұлы біздің халқымыз үшін жай ғана ақын, ағартушы және композитор емес, ол – қазақ ұлттық зиялыларының нағыз тірегі және жазбаша қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Оның еңбектері ғасырлар, саяси жүйе мен формацияның өзгеруіне қарамастан өзектілігін жоғалтқан жоқ, - дейді Салтанат Тоқмырзаева.

Әрине, тек кеңсе қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар компанияның барлық бөлімшелерінің қатысуымен толыққанды әдеби кеш өткізгіміз келген. Алайда, эпидемиологиялық жағдай, өкінішке орай, бұған жол бермеді. Дегенмен, біз таңдаған формат қазгермұнайшылардың жүрегінде үлкен орын тапты. Бейне жарияланғаннан кейін әріптестерімнен алғыс және көтермелеу сөздерімен көптеген хабарламалар алдым, - дейді С.Тоқмырзаева.

Ол сондай-ақ, осы іс-шараны ағымдағы жылы ұйымдастыру шешіміне 2021 жылдың – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ретінде жарияланғаны да әсер еткенін атап өтті. Кез келген егемен мемлекеттің басты атрибуттарының бірі – мемлекеттік тіл. Мұндай іс-шараларды өткізу – туған қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншіліктің бір түрі, сондай-ақ адамдарды оны оқуға тарту тәсілі.

Түсірілімге кеңсе қызметкерлерінің кейбірінің балалары да қатысты. Ол – бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарларының ассистенті Светлана Құрманбаеваның ұлы және бас директордың геология жөніндегі орынбасарларының ассистенті Ардақ Сүлейменованың қызы. Қыздар мұндай тәжірибе өз балалары үшін өте пайдалы, бұл өскелең ұрпақтың ана тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оятудың, сондай-ақ оларға дұрыс құндылықтарды жеткізудің тамаша тәсілі екендігімен келіседі.

Егер Сізде Абай шығармашылығы әлеміне енгіңіз келсе, келесі сілтеме бойынша бейнені көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=WtlnpexAWLg.   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою