«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлерді КВИ-дан вакцинациялау жұмыстарын жалғастыруда
14 шілде 2021
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де қызметкерлерді коронавирустық инфекциядан вакцинациялау науқаны ақпан айында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерін тарта отырып, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудан басталды. Осы айларда серіктестік ұжымының мамандармен онлайн және офлайн форматтарда бірқатар кездесулері өткізілді, олардың шеңберінде қызметкерлер вакцинация туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Осы уақыт ішінде компанияда вакцинация бойынша үгіт-насихат және сауалнамалар жүргізілді, ұжымға пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі ретінде КВИ және вакцинация жағдайы туралы бірлескен кәсіпорын Басқармасының үндеуі жүйелі түрде жіберілді. Бұл оң нәтиже берді.
Бүгінгі күні вакцинаның тек бірінші компонентін толық егіп алған ҚГМ қызметкерлерінің саны 557 адамға жетті, бұл 76% - ды құрайды. Оның ішінде 407 адам немесе 56% - ы толығымен егілді, ал 150 адам немесе 20%-ы вакцинаның бірінші компонентін алды. Қазгермұнай жұмысшыларының 6%, ал бұл 42 адам, өкінішке орай, вакцинацияға қарсы көрсетілімдерге ие.
Қызметкерлерді вакцинациялау қарқыны мен көлемін арттыру мақсатында 14 шілдеде компанияның кен орнында СЭБД эпидемиологы Гүлмира Қазиевамен кездесу ұйымдастырылды. Оның барысында жиналғандарға ҚР азаматтарына қолжетімді Спутник V, Hayat Vax, Qazak Vak және Corona Vac вакциналары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар, олардың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды. Түсіндірулер, ең алдымен, осы немесе басқа вакцинаның пайдасына таңдау жасамаған серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты болды.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылығы бұл кездесу егілмеген қызметкерлердің кем дегенде бір бөлігін ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалғыз қауіпсіз құралы ретінде вакцинацияның пайдасына саналы дұрыс таңдау жасауға итермелейді деп үміттенеді.