«Қазгермұнай» БК» ЖШС - Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнирдің ұзақ мерзімді серіктесі

12 мамыр 2022

Қызылордадағы «Мұз айдыны» мұз сарайында 8-11 мамыр аралығында мәнерлеп сырғанаудан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін VI Республикалық жасөспірімдер турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Атырау, Ақтау, Қостанай, Қызылорда, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС турнирді өткізуге қолдау көрсетіп, 1 500 000 теңгеден астам қаржы бөлді. Марапаттау рәсіміне екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша компания бас директорының бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахманов қатысты.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС аталған турнирді 2019 және 2021 жылдары да өткізуді қолдаған, сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваға 2015, 2016, 2017 және 2019 жылдары ірі, маңызды халықаралық турнирлерге дайындық пен қатысуға демеушілік көмек көрсеткен болатын.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою