«Қазгермұнай» БК» ЖШС 2021 жылдың қорытынды жиналысын өткізді

05 наурыз 2022

Ақшабұлақ кен орнының спорт алаңында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасының 2021 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Абдирахманов қызметкерлерге Серіктестіктің өткен жылғы қызметі туралы есеп берді. Онлайн форматта өткен есеп беру жиналысқа Серіктестіктің «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ мен «ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ акционерлерінің өкілдері де қатысты.

Өз сөзін жазатайым оқиғалардан, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды талдаудан бастады. 2021 жылдың 12 айында компанияда бірде-бір жазатайым оқиға немесе өндірістік жарақат алған жағдайлар болмаған. Қазгермұнай компаниясы үш жыл бойы нөлдік жарақаттану көрсеткішін сақтап келеді, бұл кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасын сақтау ережелеріне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Есепті кезеңде медициналық эвакуациялар саны 2019 жылмен салыстырғанда төмендеген, сондай-ақ ЖРВИ (ОРЗ/ОРВИ) жағдайлары 15%-ға және КВИ жағдайлары 20%-ға төмендеген. Н.Абдирахманов кәсіпорын қызметкерлері арасында КВИ анықтау жағдайларының азаюының басты себебі ретінде персоналдың екпе немесе қайта екпе алудың жоғары қарқынын атады. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша сәйкесінше 98% және  47% құрады.

Екінші мәселеде өндірістік көрсеткіштері, ұймдастыру мен геолого-техникалық шаралар жөнінде айтылды. 2021 жылы мұнай өндіру жоспары 0,3 мың тоннаға артығымен 1 453,2 мың тоннаны құрады. Ілеспе мұнай газ өндіру де жоспардан 54,1 млн. м3 артық орындалып, 370,8 млн. м3 жетті.  Тауарлар құрғақ газды жеткізу, СУВГ өндіру сияқты көрсеткіштер бойынша да жоспарлы көрсеткіштердің артығы байқалды.  Ұжымға толық есеп және жаңа ұңғымаларды бұрғылау және іске қосу бойынша 2025 жылға дейінгі серіктестік жоспары ұсынылды. Бас директорының бірінші орынбасарының баяндамасының жеке слайды ұңғымаларды жерасты жөндеу мәселесіне арналды. 2017 жылдан бері компанияда өсіп келе жатқан күрделі жөндеу кезеңі сияқты көрсеткішті атап өтсек, өткен жылы 639 күнге жеткен. Бұл  «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ компаниялар тобының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Серіптестіктегі күрделі құрылыстың есепті кезеңдегі қорытындысы да шығарылды. Барлығы 15 нысан пайдалануға қабылданды. Ең ірі және маңыздыларының бірі Ақшабұлақ кен орнындағы БКНС-ті кеңейту болды.

Нұржан Базарбайұлы "Қазгермұнай "БК" ЖШС-нің қаржылық көрсеткіштерін қозғап, содан кейін қызметкерлерге адами ресурстарды басқару блогы ұсынылды.  Нұржан Базарбайұлы "Қазгермұнай "БК" ЖШС-нің қаржылық көрсеткіштерін қозғап, содан кейін қызметкерлерге адами ресурстарды басқару блогы ұсынылды. Презентацияның келесі блогы әлеуметтік блок болды.  Жыл бойы компания ұжымдық шарт бойынша барлық міндеттемелерін дұрыс орындады, жұмыскерлердің кәсіподағымен бірлесіп 711 жұмыскерге санаторлық-курорттық емдеуді және олардың балалары үшін жазғы демалысты ұйымдастырды. Сондай-ақ, компания ұжымына ҚазГермұнайдың демеушілік қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Әрине, ең маңызды үлес Қызылорда аймағына КВИ - нің таралуына қарсы күресте 43 000 000 теңге бөлінгендігі. Бұл қаражатқа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыштар және оттегі терапиясының жоғары ағынды аппараттары сатып алынды. Есеп беру кездесуі сұрақ-жауап форматында аяқталды.       

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою