«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойды

17 желтоқсан 2021

15 және 16 желтоқсанда «Қазгермұнай» БК» ЖШС Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Сәрсенбі күні аралас форматта бас мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты жиналыс өтті. Энергетика министрлігінен, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығынан, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-дан, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-дан, Қызылорда облысы әкімінен, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасынан марапат алған серіктестік жұмыскерлері шараға офлайн режимде қатысты.  Қалған барлық жұмыскерлер Microsoft Teams бағдарламасы арқылы конференц-залға қосылды.

Ұжымға бас директордың м.а. Ян Юэхуа және бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Базарбайұлы құттықтау сөз сөйледі. Олар мерекенің барша Қазақстан халқы үшін тарихи маңыздылығын атап өтіп, әріптестерінің назарын Қазгермұнайдың Тәуелсіздіктің құрдасы екеніне және егеменді Қазақстанның қиын жылдардағы өз тұғырын қалыптастырудың барлық кезеңдерін өткергеніне аударды.

Компания басқармасы компания жұмыскерлеріне естелік марапаттарды табыс етіп қана қоймай, мердігерлік ұйымдардың ерекше көзге түскен жұмыскерлерін бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттады.

16 желтоқсанда Ақшабұлақ кен орнында кәсіпшілік пен мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерін марапаттау рәсімі өтті. Одан кейін ұжымның қатысуымен КГМ Басқармасы және «Қазгермұнай» БК» ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚҰ Төрағасы К. Ержан 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойды. Қазгемунай Басқармасының мүшелері өздерінің құттықтау сөздерінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ акционерлерінің қолдауымен КГМ әлеуметтік жауапты бизнес қағидаттарын ұстануды жалғастыратынын айтты. Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне қарамастан, жаңа Ұжымдық шартта серіктестік жұмыскерлеріне әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету жөніндегі барлық тармақтар сақталды. Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылық пен салауатты әлеуметтік ахуал оның жұмыскерлерінің өнімді жұмысының кепілі болып табылады, онсыз өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу және өндірістік бағдарламаны орындау мүмкін емес.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою