Қазгермұнай» БК» ЖШС-де «Өрт қателіктерді кешірмейді» байқауы өтті

27 тамыз 2022

26 тамыз күні Ақшабұлақ кен орнындағы өрт сөндіру депосында серіктестіктер және ұзақ мерзімді мердігерлік ұйымдар қызметкерлері арасында «Өрт қателіктерді кешірмейді» атты өрт қауіпсіздігі бойынша байқау өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: қызметкерлер арасында өрт қауіпсіздігі бойынша білімді насихаттау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша қызметкердің дағдыларын жетілдіру, төтенше жағдайлар кезінде тәжірибелік іс-қимылдар мен дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Турнирге сегіз команда қатысты. Байқауға қатысушыларды объективті және кәсіби бағалау үшін төрешілікке Қызылорда облысының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша спорт шеберлері, жаттықтырушылары тартылды.

Жарысқа жаттығулардың екі түрі кірді: тәжірибелік және теориялық бөлімнен тұратын өрт эстафетасы және жауынгерлік өрістету. Байқауға қатысушылар байқаудың барлық шарттарын орындап қана қоймай, өз дағдыларын жетілдірді, сондай-ақ көрермендерге өрт сөндіру құралдарының қолдану тәсілдерін және төтенше жағдайда командада жұмыс істеу әдістерін көрнекі көрсетті.

Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Ақшабұлақ кен орнының МГӨБ командасы

2 орын – Ақсай кен орнының МГӨБ командасы

3 орын – Энергетика қызметі

Бұл байқау компанияда екінші рет өткізіліп отырғандықтан, турнир жеңімпаздары арнайы ауыспалы кубокты жеңіп алды. Барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара көрермендері тек белсенді жанкүйерлер ғана емес, сонымен қатар викторинаға қатыса отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша алынған ақпаратты бекіту мүмкіндігіне ие болды. Олардың ішінде сұрақтарға дұрыс жауап бергендер де ынталандыру сыйлықтарын алды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою