"Қазгермұнай" БК "ЖШС кен орнынан Қызылорда облысының тұтынушыларына газ жеткізуді ұлғайту

10 мамыр 2023

"Қазгермұнай" БК "ЖШС кен орнынан

Қызылорда облысының тұтынушыларына газ жеткізуді ұлғайту

 

2023 ж. 10 мамырда «Қазгермұнай» БК ЖШС «Ақсай Oңтүстік» газ конденсаты кен орнында газ өндіруді басталды. «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның қатысуымен компания 2022 жылғы қазанда  Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың белсенді кезеңіне кірісті.

Жобаны іске қосудың арқасында Қызылорда облысы тұрғындарының қажеттілігіне "Қазгермұнай" БК "ЖШС (ҚМГ қатысуымен бірлескен кәсіпорын) жылына 100 млн. текше метрге дейін қосымша газ жеткізетін болады. Осылайша, кәсіпорыннан газ жеткізу жылына 200-ден 300 млн текше метрге дейін артады.

Бір ай ішінде техникалық мамандар газды есепке алу жүйесін баптау бойынша іс-шаралар жүргізетін болады, олар аяқталғаннан кейін аталған кен орнынан газ жеткізуге шарт жасалады. Осы мақсатта Ақсай Оңтүстік кен орнында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары С. Брекешев болды.

Айта кетейік, "Қазгермұнай" БК "ЖШС жыл сайын жеткізілетін газ көлемі Қызылорда облысының жылдық тұтыну көлемінің шамамен 25% -ын құрады. Енді бұл пайыз өседі.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою