«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлердің балаларына арналған зияткерлік ойындарды өткізді

30 мамыр 2022

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясы жұмыскерлерінің 6-15 жас аралығындағы балаларына арналған «Мижаттығу» зияткерлік ойын форматында іс-шара өткізді.

Барлық қатысушылар 6 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 12 жасқа дейін, 13 жастан 15 жасқа дейін үш жас санатына бөлінді, олардың ішінде бес турды қамтитын ойындар өткізілді: жалпы эрудицияға мәтіндік сұрақтар, заманауи және классикалық музыканы білуге аудиотур, бейне және фото суреттер пайдаланылған тур, мектеп бағдарламасынан сұрақтары бар тур және қысқа сұрақтары бар блиц-тур.

Қызу жүрген зияткерлік шайқастарды араластыру үшін іс-шараға қатысушыларға арналып мерекелік дастархан мен интерактивті ойын-сауық үзілістері ұйымдастырылды.

Ойындарға барлығы 140 бала қатысты. Олардың барлығы «Балалар әлемі» және «Спортмастер» дүкендерінің желісіне сертификат түрінде марапатталды. Ойындардың жеңімпаз командаларының мүшелері белгілі бір сомаға сертификаттармен марапатталды, ал ерекше көзге түскен ойыншылар естелік сыйлықтарға ие болды. Ойындарға қатыспаған жұмысшылардың балалары үшін компания «Қазгермұнай» БК» ЖШС логотипі бар футбол/волейбол доптарын дайындады.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою