«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Ақшабұлақ кен орнында болды

07 ақпан 2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Ақшабұлақ кен орнында болды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Магзум Мирзагалиев Қызылордаға жұмыс сапары барысында Қазгермұнай «БК» ЖШС Ақшабұлақ кен орнында болды. Бұған дейін мұнда 80 және 30 орындық үлкен және шағын асханалар жұмыс істеген болатын. Ал Ақшабұлақ кен орнында бір вахтада компанияның 198 қызметкері, оның ішінде күндізгі және түнгі ауысымдар бар. Кәсіпшілікте акт залы болған жоқ. Бұл нысан тамақ ішуге ғана арналмаған, сонымен қатар, салтанатты жиналыстар, Басқарманың еңбек ұжымымен есептік кездесулері сияқты мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Ол үлкен сахнамен, қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар мультимедиялық жабдықтармен, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес барлық қажетті мүкәммалмен жабдықталған. Ғимараттың жалпы ауданы - 1 395,4 м2

Одан кейін Басқарма төрағасына «Зияткерлік кен орны» жобасын жүзеге асыру аясында құрылған Жедел басқару орталығының басқару тақталары   көрсетілді. Бұл Орталықта автоматтандырылған жүйелерден, телеметрия жүйелерінен деректерді бастапқы жинау, оларды өңдеу, тексеру және верификациялау жүзеге асырылады. Орталықты құрудың алдында Ақшабұлақ кен орнындағы ұңғымалардың негізгі өндіру қорын телемеханикалау, сондай-ақ технологиялық объектілерді бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйелерін енгізу болды.

Аталған панельдерде қонақтардың назарына «Торғай-Палеозой» жобасы бойынша баяндама ұсынылды. 2019 жылдың ақпан айында "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС және "Қазгермұнай" БК "ЖШС мамандары 2001 жылғы сейсмика аймағының негізінде Оңтүстік Ақшабұлақ кен орны шегіндегі терең палеозой шөгінділерінде әлеуетті нысан бөлді. Қазіргі таңда геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі іске асыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, "ҚМГ" ҰК АҚ Басқарма Төрағасын АҚШ-502 ұңғымасының сағасымен таныстырды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою